ақпараттық жарияламдар
просмотреть заставку
просмотреть заставку
ЖАРТЫ ҒАСЫРЛЫҚ ЖАРҚЫН КЕЗЕҢ
ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН, № 225 (24478), 22 қыркүйек, жұма, 2006 жыл

Республикамызда, оның ішінде Алматының әрбір әсем ғимаратында «Алматыкұрылыс» ұлттық компаниясы кұрылысшылары қолының табы, алақанының ізі және жүрегінің жылуы бар .

Мейрамбек ТӨЛЕПБЕРГЕН, «Егемен Қазақстан».

Бұл күндері осы компания ұжымында 10 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Жалғыз осы деректің өзі көп жәйтті аңғартып тұрғаны анық. Ал таратып айтар болсақ, бұл құрылыс компаниясының мемлекетіміздің кешегі ғасырдағы және бүгінгі тәуелсіз еліміздің экономикалық даму кезеңінде өзінің қолтаңбасын даралап көрсететін айшықтары тіптен орасан зор. Дәл осы ретте өткенді ойға алып, казіргі кайнаған тірліктің ырыздық-берекесін атқарылған істің аукымымен алып қарауға болады.

Қаланы адамдар түрғызады, ал қала адамдарды тәрбиелейді, деген қанатты сөз қала өркениетінің ежелгі дәуірінде-ақ айтылса керек. Содан бері бұл қағиданың мәні жоғарыламаса, еш кеміген емес. Ондай кезеңнің болуы да мүмкін емес сияқты. Әсіресе, ғылым технологиясы дамып, қарасаң бас айналатын биікке өрмелеген үйлердің ақшаңқан ұшар басына дейін созылған құрылыстын өн бойында сәулетшінің ой еркіндігі, шығармашылық шырқауы және соны жүзеге асыратын құрылысшылардың табандылығы мен шеберлігі біте ұштасып жатқанын енді ешкім жоққа шығара алмайды. Алысқа бармай-ак, соңғы жылдар бедерінде ғасырлык қүрылыстың жаңа өркендеуін бастан кешіп жатқанын Алматы мен Астана каласының жаңа ғимараттарын еске алсақ та, осы сөзіміздің қандай құндылықтардан бастау болып жатқанын жаксы сезінуге болар еді.

Қазақ елінің құрылысшылары мен сәулетшілерінің де ғажайыптар әлемінен еш қалыспайтын ғимараттар тұрғызуға жаңа мүмкіндіктер алып отырғанын да ескергеніміз жөн. Солардың арасында мерейлі кезеңге қадам басқан ежелгі құрылыс компаниясы туралы сөз етсек, ол ең әуелі еңбеккерлердің мандай терінің кайтарымы, көркейген елдің азаматтарының қызметін әділ бағалау дер едік.

Қазақстан құрылыс индустриясының көшбасшысы «Алматықұрылыс» ұлттық холдинг компаниясының іргетасы қаланғанына биыл 50 жыл толып отыр. Мұны уақыт өлшемімен алып қарасак, әрине, аз уақыт емес. Сонау 1956 жылы «Главалматыстрой» деген атауымен дүниеге келіп, Қазакстанның астанасы Алматы, Алматы облысы және басқа да қалалардың құрылысы мен оны көркейту жұмысымен өз қызметін айқындап алған бұл мемлекеттік кәсіпорынның тарихына көз жүгіртсек, әрине, көз алдымызға Алатау баурайындағы әсем қалада көп қабатты тұрғын үйлердің бой түзеуімен, жаңа заман үрдісіне сай қол созған сәулет өнерінің айшықтары көрініс тапкан биік ғимараттар салуымен, сондай-ақ 60-80 жылдар аралығында ерекше қарқын алған өндірістік мекемелерді, яғни, жаңа зауыттар мен фабрикалардың пайда болуымен тікелей байланысты кезендері көз алдымызға келеді.

Алматы қаласының бүкіл әлеуметтік инфракұрылымы осы құрылыс мекемесінің игілікгі істерімен жүзеге асырылған. Бәріне де дәйек куә. Бұл дегеніңіз, 13 миллион шаршы метр тұрғын үй, 181 мың оқушыға арналған мектептер, 75 мың орынды балалар бақшасы, 3 мың төсек орны бар аурухана және бір мезгілде 16 мың адамды кабылдай алатын емханалар. Әлбетте, республикамыздың тарихыңда өз орны бар бұл жетекші компанияның абырой-беделге, кінәраты жоқ сенімге ие болуы сан жүздеген құрылысшылардың, өз ісін жете білетін инженерлердің және құрылыс сәулетінің көркін келтірген сәулетшілердің, сондай-ақ талантты өндіріс ұйымдастырушыларының, бүкіл саналы өмірін құрылыс саласына сарп еткен азаматтардың сіңірген еңбегінің айқын нәтижесі.

Алматы қаласының қазіргі заманғы сәулеттік бет-әлпетін, реңін қалыптастыруда бұл кәсіпорынның құрылысшыларының қолтаңбасын әйгілеп тұратын әрі қала тұрғындарының ғана емес, бүкіл республикамыздың жұртшылық өкілдерінін мақтаныш етіп айта жұретін, алыстан қонақ келсе, соларды көрсеткенінше асығып тұратын және соған лайықты бірқатар ғимараттарды санамалап берсек те болар еді.

Олар – «Қазақстан» қонақ үйі, мемлекеттік тарих музейі, М.Әуезов атындағы драмтеатр, Үкімет үйі, мектеп оқушыларының Сарайы, Неке сарайы, Цирк үйі, Елбасының резиденциясы, Қазақ Ұлттық университетінің қалашығы... Бұл тізімді одан әрі жалғастыра беруге болады. Қалай болғанда да Алматыда кез келген адам қызықтап қарайтын ғимараттар атауының бәрі де осы байырғы құрылыс мекемесінің тікелей қатысуымен салынғанын қайталап айтып жатуымыздың өзі артық етеді.

Қазір «Алматықұрылыс» компаниясы өзінің қанатының астына 14 акционерлік коғам мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді алып, солардың басын біріктіріп отыр. Алпауыт компания деп жүргеніміз де осы. Бұл әрине, жақсы мағынасында, тұрғылас әріптестері арасында бәсекеге кәбілеттілігінің жоғары екенін және өндірістік зор ауқымдылығын көрсетудің қисыны осы. Қазақстанда жаппай құрылыс салу кең өріс алған қазіргі уақытта құрылыс ісімен айналысып жұргендер өте көп және олардың санының жуық арада азаятын түрі де жоқ. Дей тұрғанмен, адамдар құрылыс компанияларының бұған дейінгі бай төжірибесіне және ұзак жылдар бойы берік сақталып келе жатқан дәстурлі қызметіне көбірек сенеді. Өйткені, дәстұр сабақтастығы сенім кепілі болмақ. Холдинг қарауындағы барлық кұрылыс бөлімшілерінің белсенді кәсіби қызметі әлбетте, Қазакстанның құрылыс ісін және құрылыс индустриясын дамытуға елеулі үлес косуға жәрдем етеді. Бұған компанияның қатысуымен салынған құрылыс нысандары айғак бола алады. Соның нәтижесі болса керек, холдингтің және оның кәсіпорындарының бес жетекші қызметкері «Құрылысшы – жасампаз» деген мәртебелі атақпен марапатталды. 2001-2003 жылдары ең тандаулы сәулеттік туындылар мен құрылыстар арасында өткізілген республикалык байқауда холдинг халықаралық сәулет академиясының Мәскеу бөлімшесінің хрусталь жүлдесіне ие болып, «Ең үздік құрылыс компаниясы» номинациясы бойынша бас жүлдені жеңіп алды.

Нарықтық қарым-қатынастардың талабына және сұранымына сай құрылыстың сапа мәселесі бірінші кезекке қойылса, бұл компания осы үрдістен табылу үшін жаңа технологиялармен мейлінше сапалы әрі көпшіліктің қол жетімділігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беру үшін тұрғын үйлердің бағасын көңілге қонымды болуын үдайы назарда ұстап келеді. Қалай болғанда да кұрылыс индустриясының өркендеуі атқарылған жұмыстың сапасына тікелей байланысты. Негізгі шарты да осы. Бұл маңызды мәселелер компанияның үнемі ілгерілеу үстіндегі іс-әрекеттерімен жалғасып келеді.

Әуелде, негізінен, Алматы қаласының құрылысын салуға бейімделсе, енді компанияның географиялық ауқымы еліміздің барлық өңірін қамту үстінде. Тек қана тәуелсіздік жылдардың өзінде ғана озық сәулет өнерінің мәдени-тарихи ескерткіші деп айтуға болатын, бірегей нысандарды салып бергендерін компанияның әрбір мүшесі ауыз толтырып айта алады. Мысалы, оңтүстік астанамызда тұрғызылған Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік монументі, Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясы, ҚР Президенті жанындағы стратегиялық зерттеулер институтының ғимараты, Студенттер сарайы, бес жұлдызды «Рахат-Палас» отелі, ал жаңа елордасы – Астанада «Салтанат сарайы» қабылдау үйі, «Қазақстан» спорт сарайы, Саяси куғын-сүргін құрбандарына арналған монумент, әкімшілік ғимараты, Сенат ғимараты және басқа да нысандарды қосуға болады.

Бұл компанияның қызметі егер тұрғын үй мәселесіне келсек, іргетасын құюдан басталып, су жаңа пәтердің кілтін тапсырумен аякталады. Сан қырлы жобалық құжаттарды әзірлеу, әлемдік стандартқа сай келетін технологияларды жариялықпен көрсету, өндірістік, азаматтық және тұргын үйлер кешенін салудың өзіндік тәжірибесі жемісін де беріп келеді. Жалғыз ғана ғимараттар мен тұрғын үйлер немесе өндірістік нысандар салуымен ғана айналыспайды, сонымен бірге құрылыс материалдарын өздері де өндіреді және басқаларға сата алады. Құрылыс жобаларын әзірлеу және жүк тасу қызметі де үйлесімді бір арнада тоғысып жатыр.

– Біздің құрылыс компаниясының жарты ғасырлык тарихы еліміздің қала сәулетінің айшықтарымен дараланып тұрғаны анық, – дейді компанияның президенті, белгілі қоғам қайраткері, есімі елімізге кеңінен танымал Амангедді Дінұлы Ермегияев, – бұл кезең тұтас алып қарағанда даму мен жаңарудың, өркениет жолында алға ұмтылудың жарқын кезеңі деуге толық болады. Өйткені, дамыған елдер ең әуелі қала құрылысының айшықтарымен көзге түседі. Ал біздің компанияның үнемі алға ілгерілеп отыруының, сөйтіп құрылыс индустриясында көшбастаушы болуының негізгі тірегі – білім даярлығы мол және кәсіби шеберлігі шындалған мамандар. Және істі жан-жақты ұйымдастыра білудің, жалпы ұжымдық ауызбірліктің ұдайы сақталып отыруы. Тәртіп бар жерде тірлік те болады. Мықты кадрлары бар ұжымдарда сенім мен кепіл де болады. Біз көп жылдар бойы жас мамандарды даярлап шығару үшін қажетті қаржыны бөліп, жоғарғы оқу орындарымен тікелей іскерлік байланыс жасап, әлемде мойындалған компаниялар өндірісінің бүкіл жұмысы бір арнадан табылып, өз нәтижесін сапалы жұмыс, жетістік және табыс ретінде көрсетіп келе жатқанына куәміз. Мұның арғы жағында біздің ұлттық компания мұшелерінің арасында елжандылык, қоғамның игілікті істеріне, оның ішінде мәдени-рухани саласына қамқоршы әрі демеуші болу мәнісімен сипатталатын елдік намыс бар.

Елдің ертеңі үшін елеңдеп жүретін білікті басшының қоғамдық жұмыстарда аузы дуалы азамат атануы және саяси элитаның қатарынан табылуы бұл құрылыс компаниясының қатардағы мекеме емес, мемлекеттік тұрғыда ойлай алатын іскер жігітгердің мектебі қалыптасқанын сезінбеу мүмкін емес. Көш бастайтын серкесі мықты болса, оның соңынан ілесер әріптестері мен ізбасарларының елдік іске белді бекем буып кірісуі бір төбе болса, әрине, олар, өздерінің тікелей айналысатын құрылыс ісіне қылау түсірмеу үшін күресетіні белгілі. Холдинг және акционерлік қоғам қоғамдық және қайырымдылық кызметті негізгі бағыттардың бірі деп санайды. Көптеген жылдар бойы, әр жыл сайын компания қайырымдылық және демеушілік қызметке 100 миллион теңгеден астам қаржы жұмсаған. Қазақтың Атымтай жомарты атанған А.Ермегияевтың дәл осы істегі бастамашылдығы мен жеке өнегесі Қазақстан Республикасы Президентінің арнайы құрметті дипломымен аталып өтілген.

Компания қарамағындағы негізгі өндірістік кәсіпорындардың даму деңгейінің өзі жыл сайын сатылап өсіп келе жатканын, ауқымы кеңейе тұскенін оп-оңай аңғартады. Айталык, «Алматықалақұрылысы» шығаратын және олардың әртүрлі ғимараттар құрылысын салудағы ауқымды істері жұртшылыққа кеңінен аян. «Құрылыс материалдары» комбинаты жыл сайын 60 миллион кызыл кірпіш, 150 мың шаршы метр жылу ұстағыш, экологиялық жағынан таза, жартылай қатқыл плита өндіреді. «Серт» зауыты құрғақ құрылыс қоспаларының өндіруімен айналысады. Немістің «КNAUF» фирмасының құрал жабдықтарын пайдалану арқылы жыл сайын 35 түрлі 100 мын тонна өнім шығаруға жағдай жасалған. «Қарағай» ағаш өндеу комбинаты қуаты 100 мың шаршы метр өлшеммен көрінеді. Яғни, ағаштан терезе, есік және басқа да қажетті бұйымдар даярлаудың мәселесі шешілген. Ал Атырау қаласындағы «Асфальт» зауыты күн сайын 2 мың тонна асфальт коспасын өндіреді.

Бұл қандай нәтиже береді, оны тұсіну тіптен қиын емес. Қазір әлгінде әңгімелеп кеткеніміздей, құрылыс жұмысымен екінің бірі айналысып кетті. Олар құрылыс мат риалдарын өздері шығармаған соң әр жерден сатып алады. Сол құрылыс материалдарының сапасы ғылыми сараптамадан өте ме жоқ па, ол жағы белгісіз. Ал «Алматықұрылыс» компаниясы темір-бетон бұйымдарын шығаратын, сондай-ақ темірден сан алуан әзірленетін қажетті құрылыс материалдарын өздері әзірлеудің жауапкершілігі құрылыстың берік әрі сенімді болуына толық жәрдемдеседі.

Бұл компания өзінің алдына стратегиялық мақсаттар және міндеттерін ұзақ жылдарға арналған даму тұжырымдамасы бағытына сүйеніп, белгілеген. Тәуелсіз Қазакстанның экономикалық өркендеуі адамдардың тұрмыс жағдайын жақсартуға жақсы жағдай туғызса, ал адамдар қолайлы әрі жаңа заман талабына сай салынған тұрғын үйлерде тұрғысы келеді. Сондықтан да сенім жұйесін қалыптастыру үшін ұлттык компания әлемдік тәжірибеге арқа сүйейді. Халықаралық стандарттар талабына сәйкес сапа жұйесі толық енгізілген. Компанияның күш-қуатының өзі сапа менеджменті жұйесін енгізуге толық жеткен және оны одан әрі нығайту үшін көптеген іс-шаралар карастырылған. Қазақстанның құрылысшылар қауымдастығын құру үшін де осы компанияның атқарған ісі үшантеңіз. Өтпелі кезенде құрылыс кәсіпорындарының қаржы тапшылығынан жан-жаққа шашырамай, дүние-мүлікті ысырап етпей, ортақ мүдде, ортақ түсіністікпен құрылыс индустриясын дамыту арқылы отандық экономиканың жетекші саласы болып табылу үшін бұл ұлттык компанияның біріктіруші идеясы толық жүзеге асқан болатын.

Аталмыш компанияның кұрылысшылары 2003 жылы 23 мамырда Жамбыл облысында жер сілкінісі болып, осы жер сілкінісінің зардаптарын жоюға мемлекеттік шақыру естілген сағатта-ақ діттеген жерден табылды. Бір жылдың бедерінде емес, санаулы айлардың ішінде-ақ компания құрылысшылары 1200 орынды мектептің құрылысын салып берді. Қираған мектептерді қайта жөндеуден өткізді. 40 мың шаршы метрден астам тұрғын уйдің құрылысын жүргізді. Жер сілкінісінен зардап шеккен адамдарға жәрдемдесу үшін компания өз есебінен «Луговой» стансасындағы тұнғыш ғарышкер Тоқтар Әубәкіров атындағы мектепті түгелдей қайта жөндеуден өткізіп, жаңа кұрал-жабдықтар, әрбір оқушыға қажетті мектеп және спорттық киімдерді, кеңсе бұйымдарын, тіпті сөмкелеріне дейін сатып алып берді. Ол аз десеңіз, әлемдегі ірі ұлттық компаниялар секілді «Алматықұрылыс» компаниясының құрамына енетін «Рахат» бірлескен кәсіпорны волейболшы қыздардың «Рахат» командасына және Қазақстан құрама командасының сапында ойнайтын спортшыларға қаржылай жағынан толық демеушілік жасайды. Халықаралық додалы бәйгеге түсіп жүрген жүйрік аттар клубының жұмысына да жәрдемдесіп тұрады. Бұл аз десеңіз, компания инженер-құрылыс мамандығы бойынша оқитын үздік студенттерге грант және атаулы шәкіртақылар белгілеген. Ұлттық консерватория мен Өнер және театр институтының студенттері үшін де ай сайын арнайы шәкіртақыны беріп тұрады. Мұның бәрі құдіреті күшті ұлттық өнердің болашағы үшін жасалып отырған қамқорлық. Қазақ бас сәулет және құрылыс академиясының қамқоршылар кеңесінің төрағасы болып табылатын Амангелді Ермегияевтан биыл да бірыңғай тестілеу кезінде жоғары балл жинап, бірақ мемлекеттік білім грантын беру жөніндегі конкурстан өте алмаған, аз қамтамасыз етілген отбасыларының балаларына демеушілік, білім грантын және арнайы шәкіртақы беру жөніндегі шешім шығарылғанын естідік.

Бұл аз десеңіз, компанияның ауыл мектептеріне көрсетіп отырған жанашырлығы өз алдына бір бөлек әңгіме аркзуы. Бұл аз десеңіз, компания ұжьшы және оның басшысы А.Ермегияевтің, міне, 10 жыл бойы тұрақты түрде қазақтың ұлттық «Айтыс» өнерінің кайта жанғырып, дамытуға сіңірген еңбегі ерекше деп айтуға толық негіз бар. Біздің елімізде қазақ айтыс өнерінің бас демеушісі – осы компания.

Беделді компания 2005 жылы Швейцариядағы Халықаралык қордың «Іскерлік тәжірибеде жоғары сапаға жеткен үшін» деген жоғары атақпен марапатталғаны және бар.

Қазакстанның барлық өңірінде құрылыс индустриясында және қоғамдық қызметтерге белсене қатысуымен танымал болған «Алматықұрылыс» компаниясының еңбеккерлері Елбасының тәуелсіз Қазақстанды өркендету жолында жүргізіп келе жатқан реформалык бағытын жан-жақты қолдай отырып, мемлекетіміздің экономикасын дамытуға өз үлестерін қоса беретініне сенімді. Жарты ғасырлық тарихы бар ұлттық компанияның бұл мұраты осындай жарқын кезеңдерден бастау алады.

Суреттерде: «Алматыкұрылыс» компаниясының президенті Амангелді Ермегияев; Елбасыың Алматыдағы резиденциясы; «Қазақстан» қонақ үйі.
 Компания туралы
 Сапа
 Акционерлік қоғамдары және филиалдары
 Холдинг және қоғам
 Ақпарат орталығы
 Қайырмалы байланыс
 Сұрақтама
 Сайт картасы
Қазақстан Республикасы
050004 Алматы қаласы
Назарбаев даңғылы, 65
тел. 8 /727/ 27 33 462
bag30@mail.ru
hkbag@alk.kz
Copyright © 2001 NHC "ALMATYKURYLYS"
All Rights Reserved
Russian Kazakh English